2.11.2020, 16:38
Оқылды: 120

Қақпасы жабық мейрамханалар дронмен тексерілуде

Өңірімізде коронавирус індетін жұқтыру дерегі күн санап қайта өсуде. Соған орай өткен сенбіде облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев бастаған мониторнгтік топ мүшелері Орал қаласындағы тойханалар мен мейрамханалардың карантиндік талаптарды сақтауын тексерді.

1604149648320

Полицейлер мен еріктілерден және БАҚ өкілдерінен тұратын мониторингтік топ алдымен Зашаған кентіндегі тойханаларды бетке алды. Сол аудандағы 30-ға жуық нысан тексерілді. Сыртында күзетшісі жоқ, қақпалары жабық тойхана-мейрамханаларды дронмен қадағалады. Куә болғанымыздай, мейрамханалардың барлығы дерлік қызметін тоқтатқан. Алайда той жасап жатырғандары да кездесті. «Ата-ана» мейрамханасына барғанымызда үйлену тойының үстінен түстік. Байқағанымыздай, тойға келушілер көліктерін мейрамхана ауласына емес, сол көшенің бойына қойып кеткен. Марс Кенжеғұлов есімді той иесімен тілдескенімізде, тойға 50 адамды шақырғанын айтты.

IMG-20201031-WA0021
– Бұл той көптен күткен қуанышым еді. Ұлым келін алып келгесін көрші-көлем мен ағайынның басын қосқым келді. Карантин талаптарын бұзғанымды білемін. Десе де қуанышымды атап өткім келді. Әкімшілік жауапкершіліктен қашпаймын, – деді ол.

Круглоозерный кенттік округіндегі «Достық» тойханасында да үйлену тойы өтіп жатыр екен. Той ұйымдастырушылар мониторингтік топқа әкімшілік жауапкершілікке тартса да, тойдың шырқын бұзып, таратпауды өтінді. Алайда облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев оларға карантин талаптарын сақтамағаны үшін үйлеріне қайтуын талап етті. Өз кезегінде полициялар карантин талаптарының орындалмауына байланысты хаттама толтырды.

арай 3
– 31 қазан күні бірнеше мониторингтік топ Орал қаласында той өтетін 178 нысанды тексеруге шықты. Өткен аптада 14 тойхана әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Соңғы екі апта бойы тамақтану орындары мен мейрамхана-тойханалардағы карантиндік талаптардың сақталуын қатаң тексеріп жүрміз. Өйткені облысымызда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсуде. Мониторингтік жұмыстың нәтижесі шығар, бүгінде мейрамханалардың көбі жабылған. Тұрғындар топтасып жиналудың ақыры індетті өршітетінін ұқса дейміз. Облысымыздағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанша күн сайын тексеріс жүргіземіз. Келесі аптада той ұйымдастырылатын коттедждер бақылауға алынбақ. Жеке тұлғаларға 30 АЕК, заңды тұлғаларға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынуда, – деді облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев.

Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале