31.03.2022, 15:30
Оқылды: 165

Қарапайым отбасы үшін «Азамат» және «Күншуақ»

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ата-аналардың бала тәрбиелеу мен дамытудағы педагогикалық мәдениеті мен құзыреттілігін арттыру мақсатында «Ата-аналар университеті» жобасы жүзеге асуда. Оралдағы NIS-те үлкен жоба аясында қос бірдей мектеп жұмысын бастады – «Азамат» әкелер мен ұлдар клубы, аналар мен қыздардың «Күншуақ» мектебі.

115370b2-b9e0-4c5e-9c52-7c70f74cb6ce

Мектептің алғашқы құрметті қонақтары ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Құрманалина, ардагер математик Өтебай Құспанов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов болды. Бұл күні көпке үлгі өнегелі өмір жолының баспалдақтары, адамгершілік философиясы, елге қызмет ету, ғылым жолының қиындықтары туралы сыр шертті. Жас ата-аналар болса бала тәрбиесінің негіздеріне байланысты ой-пікірлерін айтып, меймандардың ақыл-кеңесін тыңдады.

58fed919-e634-4182-8a46-f1292f2cf2c9

«Азамат» клубы жұмысы аясында алдағы уақытта жасөспірімдер үшін ұстаздар мен әкелер, түрлі саланың сарапшы мамандарының ұйымдастыруымен жол ережелері, электр және автокөлік құрылғылары, туризм, көркем еңбек, спорт, көшбасшылық пен бизнес және риторика салалары бойынша кешенді дамыту шаралары әзірленбек. «Күншуақтықтар» да осындай мазмұндағы шаралар ұйымдастырылмақ.

86b4d686-d88e-4e1b-b7e8-a669916f5e91

Жаңа заманда мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығы балаларды қолдау мен дамытуда ерекше маңызды. Мектеп қабырғасында осындай ынтымақтастық негізінде «Тәрбие әлемі» кітапқұмарлардың онлайн қоғамдастығы, «Эврика» отбасылық ғылыми жобалар байқауы, желілік «Тату отбасы», «Біз қарапайым отбасымыз» жобалары табысты жүзеге асуда.

84753210-3b00-49fa-ad71-1170700e0582

Айдана Хамидуллина, 

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале