3.10.2022, 16:45
Оқылды: 110

Қариялар күніне орай мерекелік кеш өтуде

Дәл қазір облыстық филармонияның залында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Қариялар – асыл қазына» атты концерт басталды.

WhatsApp Image 2022-10-03 at 16.17.43

Мерекелік концертке келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген қарияларды құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

WhatsApp Image 2022-10-03 at 16.34.35
- Қарттар күнімен құттықтаймын! Елімізде жыл сайын қарияларымыздың ерен еңбектері мен ел дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға құрмет көрсетеді. Бүгінгі мерекелік кеш үшін де көп рахмет. Өңірде 91 360 зейнеткер болса, 3 260 тыл ардагері бар. Өкінішке орай тек 16 соғыс ардагері қалды. Облысымыздағы қарттар шараларға белсенді қатысып келеді. Әсіресе спорттық спартакиадалардан қалыс қалған емес. Қажыр-қайраттарыңыз таусылмасын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, - деді Мақсот Берген.

WhatsApp Image 2022-10-03 at 16.34.35 (1)
Қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылған шарада Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония артистері өнер көрсетуде.

WhatsApp Image 2022-10-03 at 16.17.33

Абайдың «Торжорғасын» орындаған «Орал сазы» фольклорлық ансамблі кештің шымылдығын ашты.

WhatsApp Image 2022-10-03 at 16.17.34

Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, Фархат Оразов, Медет Оразов, Марат Сарбөпеев, Жаскелең Ғайсағалиев, ҚР «Мәдениет саласының үздіктері» Майра Хайдарова, Ақмарал Тасболатова, Мирзада Сүндетқалиева, Дария Бақытова, «Назерке» халық би ансамблі өнер көрсетпек.

WhatsApp Image 2022-10-03 at 16.34.34

Динара Насыр,
Суретке түсірген автор
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале