6.10.2026, 11:45
Оқылды: 8

Қарымы мықты Қадырбек

Тасқала ауданының орталығында MMA-дан ХХ Азия ойындарының чемпионы Қадырбек Шынбаевты қарсы алуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Жас спортшыны ауылдастары зор ықыласпен қарсы алып, халықаралық аренадағы жетістігін атап өтті.

шемп2

Жиынға аудан әкімі Талғат Шәкіров, аудандық мәслихаттың төрағасы Жанар Бисенғалиева, және мекеме басшылары қатысты. Аудан әкімі шемпионды құттықтап, әкесі Айбек Шынбаевқа арнайы сый-сияпат табыстады. Ақсақалдар ақ батасын беріп, шемпионға ат  мінгізді.

Қадырбектің айтуынша, бұл жеңіске жетуіне үздіксіз дайындық пен бапкерлерінің қолдауы ықпал
етті. Әсіресе Ақтөбе еркін клубының командасы мен жаттықтырушыларына  алғыс  білдірді.

Жас шемпионның жетістігі туған өлкенің мерейін асырып, өскелең ұрпаққа  үлгі  болғаны  анық.

 

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале