6.10.2026, 0:00
Оқылды: 6

Шыңғырлауда кәсіпкердің бастамасымен Сарқырама бұлағы қоршалды

Шыңғырлау ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тұжырымдамасы аясында табиғатты қорғауға бағытталған игі бастама жүзеге асты.

InShot_20261005_210111022

«GSSG» ЖШС басшысы Санат Кумашев өз қаражатына қажетті құрылыс материалдарын сатып алып, Сарқырама көлінің бастауы саналатын Жаршағыл аумағындағы бұлақ басын қоршау жұмыстарын ұйымдастырды. Табиғи су көзінің ластануына жол бермеуді және мал түсуден қорғауды мақсат еткен бұл шара барысында 200 дана мырышталған металл құбыр мен 500 метр қоршау торы орнатылды.

Округ әкімі Мейірхан Жумиев пен кәсіпкердің өзі бұл бастама өңірдің экологиялық әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлық мәдениетін қалыптастыратынын атап өтті.

Алдағы уақытта бұл аумақта ағаш отырғызып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр.

Светлана Байтенова, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале