5 қазан – Мұғалімдер күніне орай «Атамекен» концерт залында «Ұстазға тағзым!» атты салтанатты жиын өтті.

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев педагогтер мен білім саласының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ұстаз еңбегінің ұлт болашағы үшін айрықша маңызын атап өтті.

Салтанатты шара барысында бір топ педагог ведомстволық наградалармен, мерейтойлық медальдармен және алғысхаттармен марапатталды. Атап айтқанда, «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі Жеміс Қайыроваға табысталып, оған 1 297 500 теңге көлемінде біржолғы сыйақы берілді. Сондай-ақ салалық кәсіподақ тарапынан да бірқатар ұстазға құрмет көрсетілді.

Мерекелік жиын өнер мектептері мен шығармашылық орталықтар тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасына ұласып, жас өнерпаздар ұстаздар қауымына өз өнерлерін тарту етті.
Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі