18.11.2020, 18:22
Оқылды: 63

Кәсіподақ белсенділерін құттықтады

Облыстық «Nur Otan» партиясының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіптік одағы агроөнеркәсіп кешенінің белсенділерімен кездесу өткізілді.

3

Кездесуді облыстық агроөнеркәсіп кешені кәсіподағының төрағасы Амангелді Дәулетжанов ашты. Бұдан кейін сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев ауыл шаруашылығының маңызына тоқталып, облыстық ауыл шаруашылығы кәсіподағының қызметін жақсарту және жандандыру туралы пікірін ортаға салды.

2

Жиын барысында Серік Рахметоллаұлы жиналғандарды ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтап,  облыс және аудан көлемінде жемісті жұмыс атқарып келе жатқан бір топ ауыл шаруашылығының майталмандары мен кәсіподақ белсенділерін облыс әкімдігінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.

1

Жиынға қатысқан ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен мамандары аудан мен облыстың ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер жайында өздерінің ой-пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қорытындылады.

 

                                                          Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале