Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Авазаға жұмыс сапарымен барды.

Фото: aqorda_resmi
Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 қазан күндері өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысады деп жоспарлануда.
