18.10.2026, 9:00
Оқылды: 54

Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке өтеусіз сыйға тартты

ҚР Туризм және спорт министрлігінің дерегі бойынша, Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу білім ордасын мемлекетке өтеусіз беру туралы шешімін ресми түрде жариялады.

InShot_20261018_010603807

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi

2021 жылы небәрі 150 студенті бар шағын академия ретінде құрылған бұл оқу орны бес жыл ішінде бес мыңға жуық студент білім алатын, ғылым мен білімді ұштастырған бірегей кешенге айналды.

Салтанатты жиында негізін қалаушы бұл қадамның сату да, сенімгерлік басқаруға беру де емес, туған еліне жасалған өтеусіз сый екенін атап өтті.

Бес жылдық даму кезеңінде университетте Халықаралық киберспорт федерациясымен бірлескен киберспорт зертханасы, «Синьхуа» агенттігінің қатысуымен Sport Media Lab, RITA жобасы аясында Құтқару спорты орталығы, WADA ынтымақтастығымен Орталық Азияның білім беру хабы, Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлескен Олимпиадалық зерттеулер орталығы, сондай-ақ «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының қолдауымен Women in Sport Kazakhstan жобасы сияқты бірқатар ауқымды халықаралық жоба мен орталық іске қосылды. Сонымен қатар Швеция, Корея Республикасы, Италия және Польша университеттерімен қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Студенттерге арналған Life Chance Grant пен Merit Grant гранттары сақталып, оқу мерзімі аяқталғанға дейін қажетті қаражат университет есепшотына орналастырылды.

2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында ел намысын қорғаған KNUS 17 студентінің 14-і жүлдегер атанды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале