Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде жан басына шаққанда суды ең үнемді тұтынған ел болды. Бұл туралы Worldometer интернет-қызметінің мәліметтері куәландырып отыр.

Коллаж: Kazinform / Nano Banana
Қазақстанда бір адам тәулігіне шамамен 3397 литр су жұмсайды, бұл — аймақтағы ең төменгі көрсеткіш.
Салыстырмалы түрде алғанда, Қырғызстан шамамен 4 153 литр, Тәжікстан 4 460 литр, Өзбекстан 4 778 литр суды тұтынса, бір адамға тәулігіне 15 445 литрге дейін су жұмсалатын Түрікменстан тізімде көш бастап тұр.

Фото: Kazinform
Worldometer мәліметінше, Түрікменстан тұрғындары күнделікті суды тұтыну бойынша Орталық Азияда ғана емес, әлемде де көш бастап тұр.
Жан басына шаққанда суды ең көп тұтынатын алғашқы он елдің қатарына кіргендер:
Чили (тәулігіне 5 880 литр);
Гайана (тәулігіне 5 284 литр);
Өзбекстан (тәулігіне 4 778 литр);
Тәжікстан (тәулігіне 4 460 литр);
Қырғызстан (тәулігіне 4 153 литр);
АҚШ (тәулігіне 3 732 литр);
Иран (тәулігіне 3 638 литр);
Эстония (тәулігіне 3585 литр);
Әзербайжан (тәулігіне 3 512 литр).
Суды тұтынудың ең төменгі деңгейі Африка елдерінде тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Конго Демократиялық Республикасында — мұнда жан басына шаққанда тәулігіне небәрі 32 литр су жұмсалып отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат