Халықаралық отбасы күніне орай Шыңғырлау аудандық «Дән» мәдениет үйінде аудандық «Асыл ана – 2026» көпбалалы аналар байқауы өтті. Тағылымы мол шараның мақсаты – аналардың қоғамдағы рөлін насихаттап, көпбалалы аналардың өнегелі тәрбиесін үлгі ету болды.

Байқауға ауданның әр ауылдық округтерінен келген өнерлі әрі өнегелі аналар қатысып, өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. Қатысушылар таныстыру, салт-дәстүрге қатысты сұрақтар, орамал тағу үлгілері және қолөнер мен ұлттық тағамдар көрмесі бойынша сынға түсті.

Байқау қорытындысында І орынды Бейнегүл Сарсенова иеленсе, ІІ орын Айдана Меңдібаева мен Әсел Утеулиеваға бұйырды. Ал ІІІ орынды Жұлдыз Бекеева, Әсемгүл Нешпаева және Данагүл Уксумбаева иеленді.

Шара барысында аналардың қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесіндегі маңызы кеңінен насихатталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген әсерлі кеш көпшілік көңілінен шықты.
Светлана Ешматқызы
Шыңғырлау ауданы