21.04.2026, 11:00
Оқылды: 21

Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау 35%-ға дейін өсті

Қазақстанда скринингтік бағдарламалар жаңғыртылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

медицина жп аралтал (1)
Сурет архив сайтынан 
Министр бүгінгі таңда онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлығына қолжетімді екенін атап өтті. Сондай-ақ, инсультті ерте анықтауға арналған жаңа скрининг енгізілді. Бұл қосымша 300 мың адамды қамтуға мүмкіндік берді.
«Скрининг қорытындысы бойынша 320 мың адам динамикалық бақылауға алынды. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау 35%-ға дейін өсті, тиімді зерттеулермен қамту 4%-дан 38%-ға дейін артты», — деді Ақмарал Әлназарова.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде инсульт орталықтарының желісі қарқынды дамып келеді, бүгінгі таңда 85 заманауи орталық бұл қажеттілікті толығымен жауып отыр.

Инфаркт кезінде көмек көрсетуге арналған «алтын сағат» қағидатын сақтауды қамтамасыз ететін 48 коронография орталығы жұмыс істеп тұр. Мұндай орталықтар ауыл деңгейінде де ашылуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале