Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) онлайн рәсімдей алады. Жаңа қызмет QazETA қосымшасы арқылы көрсетіліп, өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сурет: Egemen.kz
Жаңа пилоттық жоба Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы №825 бұйрығымен бекітілген.
ЖСН алу үшін шетелдіктер:
QazETA қосымшасына тіркелуі;
Батыс Қазақстанда АИТВ инфекциясы анықталған 10 адамға іздеу жарияланды
Оқи отырыңыз
Батыс Қазақстанда АИТВ инфекциясы анықталған 10 адамға іздеу жарияланды
жеке деректерін өңдеуге келісім беруі;
төлқұжатының немесе жеке куәлігінің суретін жүктеуі;
биометриялық тексеруден өтуі керек.
Бұдан кейін жүйе адамның Қазақстанға заңды түрде кіргенін тексереді. Өтініш беруші туған жері, байланыс нөмірі және ұлты туралы мәліметтерді енгізіп, өтінішін жібереді.
Ішкі істер министрлігінің мамандары құжаттарды тексеріп, бұрын ЖСН берілген-берілмегенін анықтайды. Барлық талап орындалса, өтініш берушіге ЖСН беріледі.
Өтініштің мәртебесі мен дайын құжатты QazETA қосымшасындағы MAQ платформасы арқылы көруге және жүктеп алуға болады. Егер құжаттарда қате немесе жалған мәліметтер анықталса, қызмет көрсетуден бас тартылады.
Бұған дейін Қазақстан билігі шетелдіктерге ЖСН беру қызметін онлайн форматқа көшіруді жоспарлаған болатын.