20.11.2026, 11:15
Оқылды: 44

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

2026 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалады. Биыл мереке сәрсенбіге сәйкес келгендіктен, ұзақ демалыс болмайды, - деп жазады Kazinform.

жп ағаш қыс 2026 (7)

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні елімізде мемлекеттік мереке саналады. Бұл күні бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар барлығы демалады.

Желтоқсанда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған. Сондықтан 16 желтоқсан ғана қосымша демалыс күні болады.

Бес күндік жұмыс кестесі бойынша желтоқсанда 8 күн сенбі мен жексенбіге түседі. Оған Тәуелсіздік күнін қосқанда, қазақстандықтар барлығы 9 күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 4 жексенбі және 16 желтоқсандағы мерекені қосқанда, барлығы 5 күн демалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале