16.07.2026, 10:15
Оқылды: 6

Комиссия мүшелерін оқыту жалғасуда

Орал қаласында алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру.

ca351614-7fe2-4ea3-930a-d988cdfeee36
Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына шаһар аумағындағы 136 учаскелік сайлау комиссиясы кіреді. Олардың қызметіне 1054 мүше қатысады, оның ішінде 52 адам комиссия құрамына алғаш рет енгізілді.

5e144ed0-bad0-4834-a3d7-d19c5e2acb13
Түрлі себептермен комиссия құрамынан шыққан мүшелердің орнына тағайындалған жаңа мүшелер үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Оқыту семинарларын Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері өткізуде.

ba54c0a5-4105-4681-96f0-fc07fd91da3d
Семинарлар барысында қатысушылар учаскелік сайлау комиссиялары қызметінің құқықтық негіздерімен, олардың құрамын қалыптастыру тәртібімен және жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен танысады. Есептен шығару куәліктерін беру тәртібіне, дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ сайлау күні байқаушылармен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу сайлау заңнамасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге және комиссия мүшелерінің сайлау науқаны кезеңіндегі жұмысқа даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале