«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Косметолог үйде бет күтімі кезінде жіберетін үш қателікті айтты

Үйде бет пен шаш күтімі үшін әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдану қауіпті.  Бұл туралы "Газета" басылымына берген сұхбатында косметолог Евгения Антимирова айтты.

essential-oil-3073901_640

Фото: pixabay.com

Маманның айтуынша, медициналық тұрғыдан үйдегі процедураларға қойылатын басты талап – ең алдымен "қауіпсіздік" қағидасын ұстану.

"Үйде күтім жасау үшін дәрі-дәрмектерден бас тартуды, белсенді маңызды ингредиенттері бар шөптерді және дәрумендерді шектеусіз мөлшерде қолданбауды ұсынамыз", - дейді косметолог.

Ол адамдар өздеріне күтім жасау кезінде жиі жіберетін қателердің үш мысалын келтірді.

Сонымен, Антимированың айтуынша, шаштың өсуін ынталандыру үшін қолдануға кеңес беретін үйдегі теңіз тұзын ұолдануда абай болу керек.

"Теңіз тұзында көптеген пайдалы минералдар мен йод бар, бірақ тұздың кристалы өткір болатынын ұмытпау керек. Ол бас терісін зақымдайды", - дейді ол.

Дәрігердің айтуынша, теңіз тұзының кристалдары бас терісінің жарақаттарын тудыруы мүмкін, нәтижесінде қабыну дамиды, одан кейін шаш қайтадан түсе бастайды.

Сондай-ақ, Евгения Антимированың айтуынша, бұрыш пен қыша маскаларымен шаштың өсуін ынталандырудың қажеті жоқ.

"Мұндай маскалар белсенді ингредиенттердің концентрациясы тым жоғары болса қауіпті болуы мүмкін. Масканы ұзақ уақыт қолдансаңыз, бас терісінің күйіп қалу мүмкіндігі бар", - деп ескертті сарапшы.

Дәрігер шамадан тыс бет пен қолды жуудан сақтандырды. Ол бетіңізді күніне екі рет: таңертең және кешке жуу керек екенін айтады.

"Бірде мен маникюрде жұмыс істейтін әйелді емдедім. Ол әр клиенттен соң күніне 10-20 рет беті-қолын кір сабынмен жуып отырған.  Нәтижесінде бұл өте қиын созылмалы аурудың тууына себеп болған», - деп ескертті маман.

Т. Раушанұлы,

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале