27.02.2019, 11:22
Оқылды: 30

Н.Назарбаев:"Әр балаға 21 мың теңге төлемақы бекітілсін"

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көп балалы отбасыларға көрсетілетін көмек туралы айтты.

nur otan

 – Көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керек. Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көп балалы отбасыларға 500 млрд. теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көп балалы отбасыларға мән беру керек. Қазіргі уақытта мекенжайлық-әлеуметтік көмекті 111 мың отбасы алып отыр. Көп балалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлемақы бекітілсін, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға берілуін тапсырды. Осы мақсатқа алдағы 7 жылда қосымша жыл сайын 50 млрд. теңгеден бөлінеді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале