8.04.2020, 15:38
Оқылды: 77

Облыс әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша комиссияның отырысы өтті

Отырыс барысында қысқы жылыту кезеңінің қорытындысы, су тасқыны мен алдағы өрт қаупі кезеңі және шомылу маусымында адам өлімінің алдын алу мәселелері қаралды, деп хабарлады БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметі.

3438f5ca-ee82-4f00-ba48-8828decb59f3

Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар өткізілді. Ірі төтенше жағдайлар орын алған жоқ, коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеді. Қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыздығы әсерінен 4 рет жолдардың жабылуы және жол қозғалысының шектелуі фактілері тіркелді.

Жыл сайын өрт оқиғаларының 70% тұрғын үй секторында орын алады. Әсіресе, жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында өрт оқиғалары жиілейді. Бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтарының 1436 үйі профилактикалық жұмыспен қамтылып, 5896 мың азаматқа нұсқау берілді. 2872 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі анықталды, оның  54-і дереу жойылды.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев атап өткендей, көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалану әлі де жалғасуда.

– Бұл мәселе өз шешімін табуы керек, - деп атап өтті өңiр басшысы. Облыс әкімі БҚО Төтенше жағдайлар департаментiне қала және аудан әкімдіктерімен, энергетика және ТКШ басқармаларымен бірлесіп жағдайды түзету жолдарын талқылауды тапсырды.

0103f355-aeb9-4846-9c15-0d0d189b980c

Қысқы кезеңде елді мекендерден 127 мың текше метр қар және 12 мың текше метр су шығарылды. Облыс бойынша 39 су қоймасы бар, оның 8-і жөндеуді қажет етеді.

Облыс әкімі қала мен аудандардағы су тасқыны қаупі бар аумақтарға бақылауды күшейтуді, бөгеттер мен қорғаныс қоршауларын орнатудағы басымдықтарды анықтауды тапсырды.

Облыс әкімі осы бағыттағы жұмыс жоспарын әзірлеп, онда орындаушылар мен үйлестірушілердің жауапкершілігі нақты жазылып, іске асырылмаған тапсырмаларға, нақты айтқанда жұмыс кестесінен қалыс қалу себептеріне талдау жүргізуді тапсырды.

Өткен жылы өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері облыс аумағында 2 орман өрті және жалпы көлемі 476 гектарды шарпыған 86 дала өрті тіркелді. Дала және орман өрттерінің алдын алу бойынша жұмыстардың жеткіліксіз орындалуы байқалады.

- Орман шаруашылығында бүгінде 400-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Оларды маусымды ескере отырып, аса маңызды жұмыстарға бағыттау қажет, - деді облыс әкімі.

Ғали Есқалиев комиссия мүшелерінің назарын қоқыстарды үлкен көлемде өртеуге қатысты қала тұрғындарының шағымдарына аударды.

БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев атмосфералық ауаны қорғау, қалдықтарды жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін облыс бойынша 68 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті полиция қызметін тарту жоспарлануда.

- Саяжай серіктестіктерін бақылау үшін саяжайлармен жан-жақты жұмыс істеу қажет. Құрғақ шөптің жану фактісінің 90%-ы бау-бақша серіктестіктерінің жауапсыздығының салдарынан орын алады, - деді генерал-майор Ж. Жұмашев.

3404553e-4b1f-4d32-9f07-53a298ad5780

Шабылған немесе кепкен ағаштармен, жапырақтармен не істеу керек екендігін БҚО табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды реттеу мен қамтамасыз ету басқармасы шешуi керек. Облыс әкімі бір апта мерзімде басқа елдердің бизнес тәжірибесін сараптауды тапсырды. Аймақ басшысының айтуынша, бұл жағдай бір айыппұлмен ғана шектелмеуi тиіс, осы мәселені тұрғындарға қолайлы болуы үшін басқа да амалдарды қарастыру керек.

Жиын барысында 2019 жылдың басынан бері облыстың су айдындарында 29 адам қаза болғанын, оның ішінде 8 бала (2018 жылы 48 оқиға) болғанын атап өтті. БҚО ТЖД өкілдері су айдындарында қайғылы оқиғаны азайтуда балаларды жүзуге және судағы жүріс-тұрысқа үйретуге тікелей байланысы бар екендігін мәлімдеді.

Облыс бойынша балаларды оқыту 35 жерде, оның ішінде 6 ашық су айдынында, 22 модульді-қаңқалы бассейнде және 7 жабық бассейнде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Оралда балаларды жүзу дағдыларына үйрету үшін оқу жағажайы ашылды. Облыс әкімі қалада мамыр айының ортасына дейін қосымша 3-4 қауіпсіз шомылу орындарын ашуды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале