Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында
24 Қаңтар 2023

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»
24 Қаңтар 2023

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы
23 Қаңтар 2023

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы

Дамир – ел кубогінің иегері
22 Қаңтар 2023

Дамир – ел кубогінің иегері

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген
21 Қаңтар 2023

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?
19 Қаңтар 2023

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?

Он саусағынан өнер тамған

Ұлттық мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ажырамас бөлігінің бірі –қолөнер. Ләззат Жарылғасова осы өнерді жанына серік етіп келеді.

IMG-20221205-WA0000

Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында тұратын Ләззат Николайқызы – он саусағынан өнер тамған жан. Ол бірнеше жыл бұрын іс тігетін машина, маталар мен жүн сатып алып, жеке кәсіп ашқан екен. Үйінің үлкен бөлмесін шеберхана етіп жабдықтайды. Жүн түтіп, көрпе тігіп, қыз жасауын дайындап, кәсіптің көзін табады.

– Алайда 3-4 жылдан соң, қаражат тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жеке кәсібімді тоқтатуыма тура келді. Бірақ жаныма жақын қолөнерді тастамадым. Қыз жасауын дайындауды жалғастыра бердім. Қазір ізденген жанға білім жетілдіретін мүмкіндік көп. Мысалы, мен шымкенттік «Алтын ою» тігін мектебінің курсын қашықтан оқыдым. Бағасы 49 мың теңге тұратын курста құрақ көрпе тігуді үйретті. Былтыр «Алтын қол» шеберлік мектебінің сабағына да онлайн қатыстым. Онда түрлі аяқ киімдер тоқуды үйрендім. Сөмке тігуді де меңгердім. Қазір ісмерлікпен шұғылданбасам, отыра алмаймын. Тауарларыма әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасамадым. Әйтеуір, уақыты келгенде сатып алушы табылады. Ең бастысы, өзіме тігу де, тоқу да  ұнайды. Қолөнермен айналысқанда миым демалып, жақсы тынығамын, – дейді кейіпкеріміз.

WhatsApp Image 2022-10-16 at 19.45.25 (1) (1)

Ләззат Николайқызы көрпе жасау үшін ауылдастарынан ақ қойдың жүнінің келісін 500 теңгеден  сатып алады. Жүнді сабаумен сабайды. Қолмен жуып, түтеді. Ал станокпен түтілген жүн бөлініп, қайтадан түтуге келмей қалады дейді. Әрі мұндай жүн жуғаннан кейін басылып қалады екен. Қолөнерші құрақ көрпе секілді сәнді көрінетін сөмкелер де тігеді. Оларға  дак матасын пайдаланады. Шебердің  қолынан шығатын тамаша тауардың бірі – аяқ киім. Қызылды-жасылды аяқ киімдердің табанын, тоқитын жіптерді «Алтын қол» шеберлік мектебінен сатып алады. Мәселен, үйдің ішіне киетін аяқ киімнің табаны 650 теңгеден болса, көшеге киетін аяқ киімінің табаны 1500 теңгеден екен. Матаны Алматыдан әкеледі. Ісмер апай енді аяқ киімнің табанын киізден жасауды ойлап жүр. Ол үшін жүн керек. Жүн болғанда да күзем жүн қажет. Алайда қазір тұрғындардың көбі күзде қой қырықпайтын көрінеді.

– Өзімнің шешем шілтер тоқитын еді. Ақ матаның жиегін шілтермен әдемілеп, жастықтың жабынын сәндейтін. Ал енем марқұм көрпе жасаудың шебері болды. Ол жамылғы көрпенің жүнін майдалап түт дейтін. Ал қонақ көрпенің жүнін созып түткізетін. Анамнан дарыған шеберлік енемнен үйренген ісмерлікпен ұштасты. Шүкір, балаларыммен бақыттымын. Қос ұлым, келінім  әрбір  затымды мақтап, дем беріп отырады. «Керек-жарақтарыңызды алып берейік» деп қолдау білдіреді. Қолөнердің қыр-сырын үйренемін деген жандарға бар білгенімді үйретуге әзірмін. «Шебердің қолы ортақ» деген бар ғой. Әрбір жаңа бұйым, зат әдемілігімен, көркемдігімен жанға жылулық сыйлайды. Қолөнерді өресі биік, өрісі кең өнер дер едім, – дейді Ләззат Николайқызы.

Ясипа Рабаева,

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале