30.11.2019, 20:50
Оқылды: 206

Оралда ақындар айтысы өтті

Бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы өнер және мәдениет орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елбасымен ел бірге" атты ақындар айтысы өтті.

IMG-20191130-WA0140-800x533
Сондай-ақ қазақ әдебиетінің қос алыбы Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына орай өткізілген жыр додасына 12 ақын қатысты. Бұл айтыстың басты ерекшелігі - жүлде тігілген жоқ.
Айтыстың шымылдығын ашқан қала әкімі Абат Шыныбеков тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел өркендеуіне қосқан елеулі еңбегін атап өтіп, ақындарға сәттілік тіледі.
Сарапшы ретінде қатысқан Шолпан Қыдырниязова, Дариға Мұштанова, Үзілдік Елеубаева, Мұнайдар Балмолда ақындардың аяқ алысына баға беріп, ойларын ортаға салып отырды.

IMG-20191130-WA0141-800x533
Соңғы кездері қаламызда жиі орын алып жүрген жол-көлік оқиғасы, әйелін кепілге алған, отбасынан ажырасқанын ерекше атап өткен отағасылар, жарығы сөнген қараңғы қала айтыскер ақындардың назарынан тыс қалмады.
Жыр додасына айтыс сүйер қауым көп жиналды. Үш сағатқа созылған айтыста қиқулаған көрерменнің қатары сиреген жоқ.

IMG-20191130-WA0139-800x533
Бүгінгі жыр додасында Айнабек Бисенғалиев пен Эльдар Ихсанов, Орынбек Меңдіқұл мен Жарқынбек Шынтаев, Жансая Мусина мен Естеміс Мұхамбет әдемі әзіл, орамды ойларымен көрермен көңілінен шыққан сыңайлы. Сарапшылар айтыскер ақындардың ізденіске толы батыл қадамдарына жоғары баға беріп, батыстың айтысының бағыты дұрыс деген пікір айтты.

Гүлжамал Кенжеғалиева
zhaikpress.kz

IMG-20191130-WA0135-800x533 IMG-20191130-WA0136-800x533 20191130_203839-800x585 IMG-20191130-WA0132-800x617 IMG-20191130-WA0143-800x533 IMG-20191130-WA0142-800x533 IMG-20191130-WA0133-800x533 IMG-20191130-WA0137-800x533 IMG-20191130-WA0144-800x533

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале