5.03.2021, 19:05
Оқылды: 322

Оралда АХАТ-тың жүз жылдығына орай мерейтойлық шара өтті

Салтанат сарайында Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімінің құрылғанына 100 толуына орай мерейтойлық шара өтті.

1D8FEBE4-E879-4B2D-B272-52DB4E36D92A

– Қызметі 1921 жылы 5 наурызда Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесі қабылдаған азаматтық хал актілері туралы декреттен бастау алған бөлім жұмысының мән-маңызы зор. Мұнда дүние есігін ашқан сәбиден бастап, дүниеден өткен адамның құжаты хатталады. Жас жұбайлар осы жерде салтанатты түрде неке қиып, шаңырақ көтереді. Ақжарма тілектер айтылады. Адамзатқа қажет өзге де құжаттар дайындалады. Бұлардың барлығы қарапайым жұмыс көрінгенмен, ең алдымен ұқыптылықты, тәртіпті, дәлдікті талап етеді. Өйткені құжаттардағы әрбір әріп, тіпті бір сан дұрыс, қатесіз жазылуы керек. Сондықтан азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлеріне  зор жауапкершілік жүктеліп отыр. 2018-2020 жылдар аралығында Орал қаласы бойынша 677 мыңнан астам тіркеу куәліктеріндегі жазбалар цифрланып, базаға енгізілді. Осылайша 1938 жылдан бергі жазбалар ақпараттық түрде  қолжетімді болып отыр. Бұл сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасы деп білемін. Ғасырлық тарихы бар бөлім қызметі одан әрі жемісті болуына тілектеспін, – деп мерейтойлық лебізін білдірді шаһар әкімі Абат Шыныбеков. Сонымен бірге бөлім ардагерлері мен қыз-келіншектерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен де құттықтап, әр шаңырақта шаттық, береке-бірлік болуын тіледі.  

75C1F200-3D9B-4D3B-96EF-5920374A14C4

Абат Абайұлы ұзақ жыл бөлім басшысы болып еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлер, «І дәрежелі заңгер» төсбелгі иегерлері Рашида Кайбалдиева мен Раиса Даниаловаға алғысхат табыс етті.

F327ED13-18C5-4DBE-B943-B8DD7D411FD3

Орал қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Талғат Қайрекеев қызметкерлердің еселі еңбегін атап өтіп, ақжарма тілегін айтты. Сонымен бірге сектор меңгерушісі Эльмира Қанатқызын, бөлім архивариусы Гауһар Сайманованы және іс жүргізуші Назира Бисенованы алғысхатпен марапаттады. Сөз алған Раиса Даниалова салтанатты сарайда некелескен  отбасылардың шаңырағы биік, босағасы берік, сәбидің шат күлкісіне толы болуын тіледі. Облыстың майталман өнерпаздары әннен шашу шашып, бөлім қызметкерлерінің мерейін асырды.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале