17.05.2021, 15:30
Оқылды: 146

Оралда табиғи монополиялар субъектілері тексерілді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Алмас Отаров хабарлағандай, табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында осы жылдың өткен кезеңінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

C922145E-969F-46E8-864C-A7D1BCA67E81

Табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қабылдайды:

• әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;

• Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады;;

• материалдарды құқық қорғау және басқа органдарға береді.

Табиғи монополия субъектісі заңнаманы бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген жауапкершілік туындайды.

Егер тексеру жүргізілген ұйым оның нәтижелерімен келіспесе немесе уәкілетті органның шешімін заңнамаға қайшы деп есептей отырып, бұзушылықтарды жоюды қаламаса, бұл жағдайда сотқа жүгіну мүмкіндігі туындайды.

Алмас Отаровтың айтуынша, 2021 жылдың өткен кезеңінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Департамент 5 жоспардан тыс тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша 1 (бір) әкімшілік іс қозғалды және жалпы сомасы 13 917, 17 теңгеге айыппұл салынды және Департамент шығарған ұйғарым негізінде тұтынушыларға 139 171,69 теңге сомасына қайта есептеу жүргізілді.

«Монополистердің қызметіне тексеру жүргізу-табиғи монополиялар саласындағы өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланатын субъектілерді жауапкершілікке тартудың алғашқы қадамы. Тексеру жүргізу үшін жеке немесе заңды тұлғаның ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық бөлімшесіне өтінішпен жүгінуі ғана қажет, содан кейін қызметкерлер өтініште баяндалған мән - жайларға тексеру жүргізеді және дұрыстығын талдайды, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару үшін негіздердің болуын зерделейді», - деп атап өтті ТМРК- ның БҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы Алмас Отаров.

  zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале