20.10.2026, 0:00
Оқылды: 0

Оралдағы түзеу мекемесінің қызметкерлері «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт болуға тиіспіз» деген бастамасы аясында қолға алынған ұлттық жобаның «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағытын қолдау мақсатында БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №74 түзеу мекемесінің қызметкерлері Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №6 филиалында арнайы болып қайтты.

IMG-20261019-WA0300_edit_49954589351307

Бүгінгі таңда заманауи үлгідегі бұл кітапхана жай ғана кітап қоймасы емес, нағыз мәдени-ағартушылық орталыққа айналып отыр. Мұнда арнайы «Кітап оқитын ұлт» бұрышы жасақталып, балалар әдебиеті, тарихи-танымдық басылымдар мен заманауи қазақ прозасы секілді жаңа кітаптармен толыққан қор оқырмандарға есігін ашты.

Жоба іске қосылғалы бері келушілер саны, әсіресе жастардың үлесі айтарлықтай артқан. Қызметкерлер мұнда кітап оқып қана қоймай, «QR-кітап» арқылы телефонмен кітап тыңдау мүмкіндігімен танысып, мектеп оқушыларына арналған тегін үйірмелердің жұмысын көріп шықты.

IMG-20261019-WA0299_edit_49965521204584

Кітапханашы Баян Жолтаева кітаптың ұлт болашағы үшін маңызына тоқталып, мұндай ортақ бастамалардың ел дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті.

Өз кезегінде бұл шара қызметкерлердің қызметтен бос уақытында рухани байып, аталмыш челленджге қатысуға деген қызығушылығын оятты. Рухани байлыққа бастайтын басты жол – кітапханадан басталатынын түсінген әрбір азаматтың бұл ортаға жиі бас сұғуы ұлттық сананы жаңғыртуға қосылған үлкен үлес болмақ.

С. Джумагазиев, 

БҚО бойынша ҚАЖД №74 мекемесі Кезекші қызметінің ТИБКК орынбасары, әділет капитаны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале