4.07.2023, 15:00
Оқылды: 94

Оралдық оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында жеңімпаз атанды

Қажырлы еңбек – лайықты жеңіс. Орал қаласының NIS және серіктес мекеме – Оқушылар сарайы шәкірттерінен құралған «HighTech», «Jaiq» командалары халықаралық робототехника чемпионатында жеңімпаз атанды.

d3901763-4db4-412a-bb0f-4a2301f55f50

Алматы қаласының білім басқармасы, Дарын орталығы және Haileybury қазақ-британ мектебі ұйымдастырған «Haileybury International First Championship – 2023» халықаралық чемпионаты мен инновациялық жобалар байқауында түрлі мемлекеттен және еліміздің әр түкпірінен келген командалар бес категория бойынша бақ сынасты.

Нәтижесінде Оралдың намысын ту қылған біздің команда «Robot Performance Award Fnalist», «Champions Award Finalist», «Best Pit Award» номинацияларын иеленді.

Финалдық кезеңде Дубайдан келген команданы жеңіп, «Robot Performance Award», «CHAMPIONS AWARD» категориялары бойынша абсолютті чемпион атағына лайық деп танылды.

Мектебіміз жеңімпаз атанған NIS оқушыларын мақтан тұтады, атап айтсақ, «HighTech» командасында Казбеков Рамазан, Есенгалиев Арсен, Темирзахов Адильжан, Муканов Даулет, Серік Алихан және «Jaiq» командасында Назар Таир, Ерген Адиль. Сонымен қоса команданың жетекшісі Нұрбол Қырықбаев «Ең үздік ментор» атанды.

Абсолютті чемпиондар кеше БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің қабылдауында болып, Алғыс хат пен естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Мөлдір Латифова,

Орал қаласы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале