4.02.2020, 18:39
Оқылды: 113

Оралдықтар «Біз біргеміз» челленджін қолдауда

Елордадан бастау алған «Біз біргеміз» челленджін оралдық жастар ұйымдары мен еңбек ұжымдары да қолдауда. Жуырда «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының БҚО филиалының қызметкерлері ұзақ жылдар жол саласында еңбек еткен зейнеткер Людмила Быкованың үйінде болып, өз көмектерін көрсетті.

d0ff5375-9b57-43b6-8544-a80cb04bce4f

Ауланы қардан тазалап, өзге де үй шаруасына қол ұшын берді. «Биыл қыс жайлы, аса қалың қар да жоқ қой. Өзім де жайлап аршыр едім. Мен үшін бұл жерде ең бастысы әріптестерімнің ықыласы. Құрметті еңбек демалысына шықсам да, ұмытпай іздеп келуі», - дейді жалғыз тұратын зейнеткер.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жас ұжым. «Облжоллаборатория» мекемесінің негізінде өткен жылы құрылған кәсіпорын жол сапасын бақылаумен айналысады. Сондай-ақ қыс мезгілінде жолдардың күтіп-ұсталуын да қадағалайды. «Жарқын өмірге жарқыраған жолмен ғана жетуге болады», - деп білетін орталық мамандары жыл басынан бері республикалық жолдарға 17 мәрте шықса, құмды тұз қоспасының құрамын тексеру мақсатында 14 сынама алыпты. Анықталған кемшіліктер бойынша «Қазақавтодор» серіктестігіне 12 ұйғарым берген екен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале