Сәрсенбі күні Румынияның оңтүстік-шығысында IAR 330-Puma әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Нақтыланған мәлімет бойынша, апат салдарынан жеті адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат AGERPRES агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесінен басқа Румыния әскери-теңіз күштерінің екі құтқарушысы болған.
Тікұшақ патрульдік ұшу кезінде радардан жоғалып кеткен МиГ-21 жойғыш ұшағын іздеу үшін ұшып шыққан.
Апатқа ұшыраған тікұшақтағы жеті әскери қызметкердің қаза тапқанын Румыния армиясы қорғаныс штабының басшысы генерал Даниэль Петреску растады.
Қазіргі уақытта МиГ-21 ұшқышын іздеу жұмыстары жалғасуда.
15:1022.03.2022
Румынияда қазақстандық кино күндері өтті
16:4518.02.2022
Оралдағы перзентхана қызметкерінің өлімі: медициналық мекеме басшылығының кінәсі анықталды
11:4026.01.2022
Африканың оңтүстік-шығысында тропикалық дауыл 46 адамның өмірін қиды
18:0019.01.2022
Цунамиден зардап шеккен Тонга аралының мыңдаған тұрғыны сусыз қалды
22.03.2022, 15:10
18.02.2022, 16:45
26.01.2022, 11:40
19.01.2022, 18:00