11.06.2019, 15:41
Оқылды: 66

Сероздық менингиттен сақтанып жүріңіз!

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Валентина Кенжеғалиева 10 айлық сәбидің іріңді менингит жұқпасынан қайтыс болғанын айтты.

70454_image

 –Маусымның 3-інде қалалық көп бейінді балалар ауруханасына ауыр халде түскен 10 айлық бала 10 маусымда қайтыс болды. Облыста менингококк жұқпасының екі жағдайы тіркелді. 20 жастағы және 9 айлық науқастарда менингококкты инфекцияның генерализацияланған түрі тіркелген. Бірінші жағдайда науқастың диагнозы зертханалық түрде расталып, С тобының менингококк қоздырғышы анықталды. Екінші  жағдайда  диагноз клиникалық деректер негізінде расталды. Ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілді. Барлық бактериологиялық зерттеулер менингококкты инфекцияны жоққа шығарды, екі науқас та дін аман. Менингит түрліше болады. Мысалға, қайтыс болған 10 айлық сәби іріңді менингитпен ауырған, ол менингококты инфекцияға жатпайды. Іріңді менингит адамнан адамға жұқпайды, - деді Валентина Кенжеғалиева.

Маманның айтуынша, қазіргідей жаздың ыстық күндері суға шомылғанда, саяжайға барғанда сероздық жұқпалы менингиттен сақтанып жүрген абзал. Өйткені жуылмаған жеміс-жидекті, көкөністі жеу және суға шомылу кезінде сероздық менингитті жұқтыру қаупі күшті. Сондықтан департамент басшылығы ата-аналардан менингитпен сырқаттанудың маусымдық көтерілуіне орай перзенттерінің денсаулығына мұқият қарауды сұрайды.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале