8.12.2021, 9:00
Оқылды: 307

Тәуелсіздікті сақтап қалу - аманат

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың маңдай терімен, қанымен келген киелі құндылық. Қазақ елінің көркеюін және келешек ұрпақтың еркін өмір сүруін қалаған ата-бабамызға мың тағзым. Жүрегінде түгі бар батыр аға-апаларымыз өз жас ерекшеліктеріне қарамастан, азаттық үшін шыбын жанын қиып, қазіргі ұрпақтың нағыз мақтанышы атанды. Шіркін, елі үшін жанын берген батырларымыз біздің қазір қандай бақытты екенімізді көрсе ғой! Бір марқайып қалар еді.

image_l

Қазіргі кезде біз өзімізді «Қазақ» деп мақтана айтып, ана тілімізде еркін сөйлей аламыз. Көгімізде көк туымыз желбіреп, еркін де бақытты «Қазақ елі» атандық. Рәміздеріміз бен заңдарымыз шығып, әрбір адам өз еркімен өмір сүруде. Міне, енді осы қуанышқа 30 жыл болды. Шүкір!  Осы қуанышымыз көпке созылсын деп тілейміз.

Көк туымыз желбіреп, көкте самғаған қыран бүркіттей еркін өмірді сезіне білу – үлкен бақыт. Иа, әрине, егемендік алғаннан, тәуелсіздікті сақтап тұру әлдеқайда қиын. Яғни батырларымыздың біз үшін қорғаған жерін аманат қылып ұстап, оған қиянат жасамай, болашағымыз үшін әрекет қыла білуіміз қажет. Жүрегімізде титтейде бір патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік болса, көгіміздегі туымыз құламасы кәміл.

Қазақтың сәбилері көп жылаған,

Біз үшін қанша адам құрбан болған,

Бұл батырлық жүректе мәңгі қалар

Тәуелсіздік аңсаған қайрат бабам.

 

Жарқырап жұлдыз туды елімізде,

Бабамыз қайтты Ресей жерінде

Туды, міне, ұлы арманның ұлы күні,

Әнұраным шырқалып өз тілімде, – деп өзім шығарған өлең шумақтарыммен ойымды қорытындылағым келеді.

Ақбота Тілегенова,

Ә.Молдағұлова атындағы

№38 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы,

кураторы Гүлнәр Хабиева,

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале