15.12.2023, 10:00
Оқылды: 64

Төтенше жағдай: 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған

Бүгінгі мәліметке сүйенсек, Жамбыл облысында 2 413 адам құтқарылған. Бұл туралы аталмыш облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

f6df892eddb26e2bef4cd194c875a776_1280x720

Олардың ішінде 90 бала бар. 600-ге жуық адам үйіне қайтарылған.

1 813 адам алты ауылдағы жылыту пункттеріне, үш азамат Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайлары тұрақты, дәрігердің бақылауында. Екі күн ішінде жалпы 5000 адам құтқарылған.

Құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық тоғыз жылыту пункті ұйымдастырылған. Құтқару шараларына 171 адам және 76 бірлік техника жұмылдырылған. Ал жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған.

Электр желілерінің қалыпқа келтіру бойынша «Жамбыл электр желілері» ЖШС-мен 23 авариялық-құтқару тобы мен 27 арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайларға байланысты «Шу - Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған.

Шу аудандық көліктік прокуратураның ақпараты бойынша, қазіргі кезде жолаушылар пойыздары жүре бастаған.

Облыстың қалған елді мекенінде жағдай тұрақты.

Айта кетейік, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің шешімімен 2023 жылғы 14 желтоқсанда Қордай және Шу аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале