19.12.2019, 18:22
Оқылды: 1269

Тұрғын үй кезегін онлайн қадағалаңыз

Бүгін біз сіздерге ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн білу жолымен бөліспекпіз.

Сіз тұрғын үй кезегінің нөмірін www.egov.kz электрондық үкімет порталынан тексере аласыз.

snimok

Ол үшін сізге: ЭЦҚ арқылы порталға кіру қажет

«Жылжымайтын мүлік» бөлімі арқылы «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өтіп, «Мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы баспана алу кезегін қарау» қызметін таңдау жеткілікті.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті органнан берілетін жалдамалы тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.

Туу куәлігін қайта алу үшін онлайн өтініш бере аласыз

Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып не бүлдіріп алған болсаңыз, оның төлнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.

Әдеттегідей, сізге egov.kz көмектеседі.

Ең алдымен порталда авторланып, «Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметін таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бір ретік парольмен қол қойыңыз.

Қызмет ақысы Мемлекеттік қызмет құнын төлеу үшін картаңызды пайдаланасыз, Қызмет құны – 1 АЕК.

Өтінішіңіздің қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетіңізде көрінеді. Дайын құжатты алып кету үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгінесіз. Өзіңізбен бірге жеке кабинетіңізге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.

Онлайн қызметті баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жазылған азаматтар ала алады.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале