20.11.2026, 16:30
Оқылды: 27

ТЖМ қыста автокөліктегі өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

Күн суытып, аязды ауа райы басталғанда автокөліктерде өрт шығу қаупі артады. Электр сымдарының ақауы, жанармайдың ағуы және көлікті дұрыс пайдаланбау өрттің туындауына себеп болуы мүмкін.

a26ca4b6ca522bef756c70d915920bafcc2a61e4cd6eafb9c31c2d50fbbb45a5_1280x720

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді қыс мезгілінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Өрттің алдын алу үшін автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп, электр сымдарының, жанармай жүйесі мен газ жабдықтарының жарамдылығына назар аудару қажет. Қозғалтқышты ашық отпен жылытуға, қолдан жасалған жылыту құрылғыларын пайдалануға және автокөліктің электр жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіруге жол берілмейді.

Сонымен қатар әрбір жүргізуші көлігінде жарамды өрт сөндіргіштің болуын қамтамасыз етіп, оны қолдану тәртібін білуі тиіс.

Көліктен түтін немесе күйік иісі шыққан жағдайда оны дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге шығару және көліктен алыс қашықтыққа кету қажет. Оқиға туралы 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.

ТЖМ автокөлік иелерін қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауға, көліктеріне уақытылы техникалық қызмет көрсетуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале