ҚР ҰҚК дерегі бойынша, комитет Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан «Солтүстік бағдар» арқылы есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кесті.

Фото: knbgov_kz
Жедел операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Тюмень қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды. Тінту барысында күдіктілерден қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрайтын 30 келі ауған гашиші тәркіленді.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, ал халықаралық есірткі айналымына қарсы іс-шаралар жалғасуда.