26.12.2019, 18:00
Оқылды: 174

Жәңгір хан университетінде жемқорлыққа қарсы «Қоғамдық штаб» құрылды

Жәңгір хан университетінің жемқорлықпен күрес жұмысының бір бағыты – қысқы және жазғы сессия кезінде жемқорлыққа жол бермеу. Осы мақсатта оқу ордасында «Қоғамдық штаб» құрылды.

-Әр институттағы штабтың арнайы жұмыс орны кез келген уақытта студенттерге көмек көрсетуге дайын. Емтихан тапсыру барысын қадағалауға құқылы штаб құрамы студенттер арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесі семестр толық жабылған соң шығарылады, - дейді«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсенің жетекшісі Жансұлтан Нұрмұханов.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе ашылған «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсе жұмысы жемқорлыққа қарсы иммунитет пен нөлдік төзімділік қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ университетте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылады. Бұған дейін «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бірыңғай сағаты» өткізіліп, «Академиялық адалдық: мәселелері мен шешімдері» халықаралық конференциясы ұйымдастырылған еді.

–Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамның саналы түрде жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті, жемқорлыққа төзбеуі ғана емес, оны жоюға, онымен күресуге талпынуы. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Индивидтің жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейі – оның тұлға ретінде даму деңгейінің айнасы. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастармен жұмыс маңызды рөл атқарады. Университеттегі «Парасаттылық мектебі» студенттерді ар алдындағы тазалыққа шақырады, - дейді Жансұлтан Қайыржанұлы.

Жайнагүл Сағидоллақызы,

Жәңгір хан университетінің

медиа орталығының маманы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале