7.12.2023, 10:15
Оқылды: 56

Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті

Оралдағы мектептен тыс жұмыс орталығындағы тіл бағытындағы үйірмелердің тәрбиеленушілері Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті.

желтоқсан -1

Сол бір ызғары жүрек қаритын суық күндердің тірі куәлары Күнзилә Мақсотова, Зәмзәгүл Хожина ауыр зұлмат кезді еске алып, өздері бастарынан өткен оқиғаларды тебірене әңгімеледі. Желтоқсанның суық желі бойды қарығандай болды, желтоқсаншылар көздеріне жас алды...

Қатысушылар осы қанды қырғын туралы бейнебаян көріп, «Желтоқсан желі» әнін қосыла шырқады. Оқиға құрбандарын үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.

–  Желтоқсан оқиғасы қараптан-қарап болған жоқ. Дінмұхамед Қонаев атамызды орнынан алып тастады деп алаңға жиналғанымызбен, оның арғы жағында ұлтқа, осы ұлан байтақ даланың иесі қазақ ұлтына жасалған қысым жатыр. Ана тіліміздің қағажу көруі  сынды үлкен мәселелер жиылып келіп, осылайша көтеріліс бұрқ етті. Қанды оқиға 70 жылдық кеңестік жүйеден кейін еліміздің түлеуіне бастады, – деді Күнзилә Мақсотқызы.

Жылы шырайлы жүздесу барысында оқу­шылар қонақтарға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Балалар Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескен батыр апаларының құрметіне өлең оқыды, ой-пайымдарымен бөлісті және үлкендерден бата алды. Аталмыш орталықтың директоры

Тілек Қуанышкереев тағылымды кездесуге келіп, Желтоқсан оқиғасы туралы сыр тарқатқан желтоқсаншыларға алғысын білдірді.

Гүлнәр Шәңгерей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале