27.02.2019, 12:38
Оқылды: 16

Жолдарды жөндеуге қосымша 350 млрд. теңге бөлінеді

Бұл жайлы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

nur otan

«Автобан салу маңызды. Дегенмен, үйге дейін жеткізілген жол одан да маңыздырақ. Заманауи жергілікті жолдары желісін кеңейту - бұл Үкіметтің басты міндеті. Оның орындалуын партия бақылауы қажет. Бұл мақсатқа қосымша 350 млрд. теңге бөлуді тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары 12,5 мың шақырым, автомобиль және 2,5 мың шақырым темір жол салынып, қайта жаңғыртылғанын айтып өтті.

Президенттің айтуынша, 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызының жай-күйі айтарлықтай жақсаратын болады. Сонымен қатар Елбасы өңірлік көлік инфрақұрылымының барлық нысандары, оның  ішінде әуежайлар, авто және теміржол вокзалдары жаңғыртылуы тиістігін баса айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале