19.03.2022, 13:00
Оқылды: 149

Жұмыла еңбектенуге үндеді

Ғайса Қапақов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

3

– Мағыналы, терең, Қазақстанның дамуына жаңа серпіліс әкелетін Жолдауды тыңдадық. Көптен бері мұндай Жолдау болмады деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ел дамуы жолында «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алатынымызды айтты. Соған сәйкес стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынды. Мәселен, Президент сайлау жүйесін жетілдіретін және сайлау үдерісін жаңғыртатын жаңа бастамаларды атап өтті.  Президент барлық азаматтардың құқығы толық ескерілетін аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды. Енді Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталады. Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Мемлекет басшысы аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынды. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастыратынын атап өткен жөн. Сондай-ақ  беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады.   Президент  «Аумақтық сайлау комиссиялары  кәсіби түрде жұмыс істеуі керек» деді. Бір азаматтың екі рет дауыс беруін  болдырмауға тиіспіз.  Азаматтардың кез келген учаскеде дауыс беруіне жағдай жасалу керек.

Жұмажан Қожжанов, БҚО мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы:

7

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру идеясы аясындағы Жолдауы жаңа бастамаларға жол ашты, бағыт-бағдар берді. Мемлекет басшысы елдің қауіпсіздігі, халықтың бірлігі, экономикалық даму мәселелерін көтерді. Сондай-ақ қазіргідей бүкіл билік президент қолына шоғырланған басқару жүйесінен бас тартып, құзыреті күшейтілген парламенті бар президенттік республикаға өту керегін жеткізді. Жолдауда құқық қорғау институттарын күшейтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға баса мән берілді. Болашақта Конституциялық сот пен Ұлттық Құрылтай құрылмақ. Бұл Жолдауда айтылған бастамаларды халық қолдайды деп сенемін. Тұрғындар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», тапсырмалардың орындалуына себепші болуы керек.

Закария Сисенғали, ақын, Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, еңбек ардагері:

5

Ел Президенті халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселені қозғап, түбегейлі шешімін табатын ұсыныстар енгізді. Әсіресе саяси партияларды тіркеуге берілетін жеңілдіктер, өкілетті құрылымдардың құзыретін кеңейту жөніндегі батыл шешімдер – елді демократияландыру бағытындағы сындарлы әрекеттер екеніне күмән жоқ.  Еліміздегі тарихи өңірлердің қайта қалпына келтірілуін әділеттіліктің салтанат құруы  деп бағалағанымыз жөн.

Ендігі міндетіміз – кез  келген қаңқу сөздерге, әсіресе,  белсенділердің ықпалына ермей, бірлігімізді бекемдеу. Президенттің айналасына тығыз топтасып, жарқын болашаққа нық қадам басу. Осы жолда бір болайық, ағайын.

Дулат Мақатов, «Ассамблея жастары» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің төрағасы:

4

Мемлекет басшысының Жолдауы халықтың еңсесін көтеріп, Қазақстанның дамуына үлес қосуға деген құлшынысын оятты. Бұрын жабылып қалған облыстарды қайта құру туралы шешімі елді рухтандырып жіберді. Әрине, бұл - үлкен қадам және жақсы жаңалық. Сонымен қатар мемлекет басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген алуан түрлі сауалға жауап берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүддеге, халыққа деген адалдығын тағы бір мәрте көрсетті. Жаңа Қазақстанды бірге дамытайық! Бәріңізді мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға шақырамын!

Анархан Құттығалиева, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің  оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры,  PhD докторы:  

6

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақ-стан халқына «Жаңа Қазақ-стан: жаңару мен жаңғыру жолы»  атты кезекті Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты дамытуға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған нақты бастамалар көрсетілді.  Президент өкілеттілігі туралы өте орынды және көкейге қонымды жаңа тұрпаттағы мәселелер көңілімізден шықты. Мемлекет басшысы  бұрынғы суперпрезиденттік басқару үлгісінен бас тарту жайында: «Бүкіл құзырет бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі қазір өзінің тиімділігін жоғалтты. Бұл жүйе көзқарасы мен ұстанымы әрқилы азаматтық қоғамды ұйыстыра алмайды. Сондықтан біз Қазақстанды дамытудың саяси моделін өзгерту үшін әр қадамды мұқият ойластыра отырып жасауымыз керек. Мен бұл жерде, ең алдымен, басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу туралы айтып отырмын. Мұндай жүйе билік институттарының тепе-теңдігі оңтайлы болуын қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізеді»  деп саяси жүйенің жаңа жағдайларға бейімделуі тиіс екенін ашып айтты. Сонымен қатар Қазақ-стан Республикасы Президенті  өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде рәсімдеуді ұсынды. Расында, мұндай норма қоғамдағы саяси бәсекенің көрігін қыздырып, барлық партияның дамуына жол ашады. Осылайша саясаттағы монополияны шектейді, партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне  тосқауыл қояды. Президент өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып Парламенттің қоғам өміріндегі маңызын арттыру – халықтың өкілетті құрылымдарға деген сенімін нығайтудың түбегей-лі жолы екендігі көзі ашық азаматтарға мәлім.

Жолдауда Сенаттың өкілеттігін реформалау мәселесі, соның ішінде тепе-тең парламенттік жүйе қалыптастыру жайы жақсы көтерілген. Конституциялық кеңес пен Жоғарғы сот кеңесінің төрағалығына ұсынылатын кандидаттарға келісім беру құқығын Сенат өкілеттігіне беру керек деген ой-тұжырым көкейге қонымды. Бұл ретте заң қабылдау құқығының тек Мәжіліске,  Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығының берілуі орынды деп есептейміз. Осының өзі саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін нығайтып, заң шығару үдерісін жеңілдетеді. Осы орайда  айта кететін көкейтесті мәселенің бірі  – республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейту. Өйткені мемлекет қазынасынан қомақты қаржы-қаражат бөлінгенімен, кейбір бағдарламалардың, ірі жобалардың жүзеге асырылуы түрлі себептерге байланысты кешеуілдейді немесе орта жолда қалады. Сондықтан қазіргі Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрып, оның төрағасының алты ай сайын Мәжіліс депуттарының алдында есеп беруі Парламенттің төменгі палатасының да мәртебесін өсіретіні хақ. Яғни республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылау күшейтіледі.

Келесі реттегі қаралған сайлау жүйесін жетілдіру саласындағы сұрақтар заманның жаңа тыныс-лебіне сай орын алды. Аралас сайлау жүйесіне көшуді қолдай отырып, пропорционалды-мажоритарлық үлгі бо-йынша Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы  пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық емес, екеуін де теңбе-тең, 50/50 пайыз қылып енгізсе деген ұсынысымызды айтқымыз келеді. Басқаша айтар болсақ, мажоритарлық тәсілмен жасақталатын депутаттардың пайыздық құрамының өсуі азаматтардың саяси белсенділігін арттырары сөзсіз. Жаңа үлгі түрлі көзқарастағы азаматтардың Мәжіліске келуіне, жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптасуына мүмкіндік бере-ді.  Аралас сайлау жүйесі сайлауды әділ өткізуге, мемлекетті тиімді басқаруға, жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Ел-жұрттың елімізді жаңғыртуға деген құлшынысын оятады деген сенімді күшейтеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале