28.04.2021, 18:22
Оқылды: 660

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

2021 жылғы 27 сәуірде Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Селекторлық режимде Орал қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың басшылары қатысты.

 2 (49)

Кеңесте жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мониторингінің нәтижелері қаралды.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті.

1 - 2021-04-28T175748.490

- "Біз арнайы мониторингтік топпен өзара іс-қимыл жасай отырып, жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс нәтижелерін талдадық. Жоспарды орындау бойынша жұмыс жүргізілді, алайда жоспардың кейбір тармақтары бойынша жауапты бөлімшелер тарапынан орындау мен есепке формалды көзқарас байқалады. 2021-2023 жылдарға арналған жоспар бекітілгеннен кейін облыс әкімдігінен, барлық аудандардың әкімдіктерінен, облыстық басқармалардан және өзге де мүдделі органдардан өздерінің тиісті жоспарларын бекітуді және оның сапалы орындалуына кірісуді сұраймын. Қоғамдық бақылау сапасын арттыру мәнмәтінінде стратегияны іске асыруға арнайы мониторингтік топтың ресурстарын қағидатты және нақты ұсынымдар әзірлей отырып, іс-шаралардың орындалу тиімділігін неғұрлым мұқият талдауға шоғырландыруды сұраймын", - деп атап өтті Н.Самет.

3 (24)

Сонымен қатар баяндамашы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағының орындалуын ұйымдастыруға тоқталды. Жергілікті атқарушы органдардың ішкі талдауларды жаппай жүргізуін бастау туралы тапсырманы (облыстық деңгей) Премьер-Министрдің Кеңсесі а.ж. 19 наурызда берген. Үйлестіруші роль Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелген:

– "Аталған тапсырманың маңыздылығын ұғыну, формализмді болдырмау, мақсаттар мен міндеттерді, жүргізіліп жатқан жұмыстың ауқымдылығын, сондай-ақ оның сапасы үшін жауапкершілік мүмкіндігін түсіну қажет", - деп атап өтті Н.Самет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумов та баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны сапалы орындау бойынша жауапты бөлімшелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале