30.07.2021, 10:56
Оқылды: 1288

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды

2021 жылғы  23 шілдеде «Protecting Business and Investments» жобалау офисі (бұдан әрі – «PBI») мен «Meditec» ЖШС арасында құны 1,5 млрд.теңгені құрайтын медициналық орталық және клиникалық диагностикалық зертхананың құрылысы бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.

0408a2293faf36ad52407dd4fbf08a03_L-e1622178170555

«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру, реттеушілікке ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.

Бағдарламаға қатысу үшін тек қана инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, инвесторларды «PBI» жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз.

Бүгінде облыс бойынша инвесторлармен жалпы сомасы 865 млрд. теңгеден асатын 32 келісімге қол қойылды.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call  орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале