22.07.2021, 12:27
Оқылды: 1357

Кезекті «Antikor.Live» жобасы

2021 жылдың 22 шілдеcі күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Біржан Хайруллиннің қатысуымен «Antikor.Live» жобасы аясында тікелей ұйымдастырылды.

757914a0-ce3e-4bda-b513-0f21044e55f3

Тікелей эфир барысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шалғай аудандардағы мәселелері туралы пікірін білдірді.

Сонымен қатар, күн панельіне қайта субсидия беру, құдықтарға, қырда тұрғын жайлар салуға субсидия беру мәселелері және жеңілдетілген бағамен дизель отынын жеткізу үшін ереженің қабылданбауына байланысты мәселелер талқыланды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз. Тікелей эфирге сілтеме: https://fb.watch/v/b8TNIuBK-/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале