3.12.2021, 17:25
Оқылды: 746

Теректі ауданы активімен кездесу өтті

2021 жылдың 3 желтоқсан күні  «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Теректі ауданының активімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.

46

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, БҚО әкімдігінің Әдеп жөніндігі уәкілі А.Р.Хайруллина, және Теректі аудан әкімі аппараттың басшысы, аудандық мекеме басшылары мен қызметкерлері және аудандық мектептер, балабақша ұжымдары сондай ақ аудан тұрғындары қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

2

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале