Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде
7 Мамыр 2021

Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде

Бүгінгінің батырлары сап түзеді
7 Мамыр 2021

Бүгінгінің батырлары сап түзеді

Депутат сыйы
7 Мамыр 2021

Депутат сыйы

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі
7 Мамыр 2021

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды
7 Мамыр 2021

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады
7 Мамыр 2021

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады

16.04.2021, 15:51
Оқылды: 548
«Заңдар адам игілігі үшін жазылуы тиіс»

Бүгін Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың,Ғ. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институтының және Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті.

 2 (40)

Конференцияны ашу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ж.Түймебаев Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру міндетін қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Президенттің саясатын іске асыру аясындадәл осы ЖОО нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы үйлестіруді жүзеге асырады.

Конференцияда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы алғы сөзбен сөйледі.

Ғ.Асанұлының пікірінше, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алудың тиімді нысандарының бірі. Ол аталған институтқа қоғам тарапынан ерекше қызығушылық бар екенін атап өтті. 600-ден астам адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуға ниет білдірді, оның ішінде конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша тізілімге неғұрлым даярланған 146 сарапшы енгізілді.

Оның мәліметінше, өткен жылдан бастап жаңа форматтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамамен 5 мыңнан астам НҚА жобасы қамтылды, онда тәуелсіз сарапшылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 13 мыңнан астам факторларын анықтады.

«Ел басшылығы мен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың тиімділігіне үлкен үміт артады, бұл сарапшылардың кәсібилігі мен парасаттылығына тікелей байланысты», - деді Ғ.Асанұлы.

1 (91)

НҚА сараптамасын жүргізу мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықтың негізінде сарапшылардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі А.Карстенс егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық сарапшылар шетелдік әріптестерімен жемісті ынтымақтастық орнатқан. Өткен жылдан бастап халықаралық және Ұлттық мамандардың қатысуымен сарапшылардың біліктілігін арттыру бойынша 20 оқыту курсы өткізілді.

Өз кезегінде Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институтының директоры С.Әлімжанов орта есеппен бір нормативтік құқықтық акт жобасында 3 сыбайлас жемқорлық факторы бар екенін атап айтты.

Бұл ретте, оның пікірінше, сараптамаға жіберілетін НҚА жобаларының санын ескере отырып, үш жыл ішінде НҚА жобаларынан және қолданыстағы заңнамадан 100 мыңға жуық сыбайлас жемқорлық факторлары мен тәуекелдерін алып тастауға болады. «Егер бұл деректерді орта мерзімді перспективада экстраполяциялайтын болсақ, онда 3 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың күшімен мемлекет пен қоғамға 65 миллиард теңге көлемінде залалды болдырмауға болады», - деді ол.

Конференция аясында Корея, Литва, Түркия, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мен сарапшылары өз елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған

БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" мектеп-лицей-интернатының оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

6.05.2021, 16:00

«РУ-170/1» мекемесі ұжымдарымен кездесу өтті

«РУ-170/1» мекемесі ұжымдарымен кездесу өтті

6.05.2021, 11:36

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектебінің оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектебінің оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

5.05.2021, 15:42

Бөкей ордасы ауданы активімен кездесу өтті

Бөкей ордасы ауданы активімен кездесу өтті

5.05.2021, 11:33

Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті

Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті

4.05.2021, 17:35

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалымен онлайн кездесу өтті

4.05.2021, 17:21

№7 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

№7 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

29.04.2021, 16:20

Жәнібек ауданы активімен кездесу өтті

Жәнібек ауданы активімен кездесу өтті

29.04.2021, 12:47

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

28.04.2021, 18:22

№6 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

№6 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

28.04.2021, 15:49

№3 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті

№3 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті

27.04.2021, 17:06

Круглоозерный, Серебряков орта мектептерінің оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

Круглоозерный, Серебряков орта мектептерінің оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды

26.04.2021, 17:40

№47 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті

№47 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті

23.04.2021, 16:00

Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу өтті

22.04.2021, 17:12

БҚО білім басқармасына бағынысты қосымша білім беру ұйымдарының ұжымымен кездесу өтті

БҚО білім басқармасына бағынысты қосымша білім беру ұйымдарының ұжымымен кездесу өтті

22.04.2021, 16:23