26.11.2021, 18:56
Оқылды: 809

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері және «Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшелерімен кездесу өтті

2021 жылдың 25 қараша күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері және «Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшелерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

1

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Л.Б Катиева, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, «Ауыл» Халықтық Демократиялық Патриоттар партиясы БҚОФ төрағасы М.Т.Әнесов қатысты.

2

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

4

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Мынатаубиік Әнесов ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале