24.01.2023, 17:16
Оқылды: 11

Ақын жырларымен сусындады

Жуырда Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғыны, жерлес ақын Гүлбаршын Сарқұловамен кездесу кеші болып өтті.

14

Кеште жастарға ақынның жүрекжарды жырлары, соның ішінде өзі білім алған А.Тихоненко атындағы мектептің 100 жылдық мерейтойына арнап жазған өлеңі оқылды.  Кеш иесі Гүлбаршын Сарқұлова өзі жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, тыңдарманға сиясы кеппеген бірнеше өлеңін оқып берді. Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште оқушылар ақыннның шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Оқушылар өлең десе ішкен асын жерге қоятын апамыздың  жүрегінен жарып шыққан «Туған жер», «Ыстықсың көрші ауылым», «Ауылға арнау» т.б жырларын тыңдап, рухани сусындап қайтты.

Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ жас тыңдармандардың поэзия әлеміне деген махаббаттарын аңғаруға болады. Бұл рухани кешті ұйымдастыруға мұрындық болған мәдениет үйінің меңгерушісі Гүлжан Аязбаеваға оқушылар риза болып қайтты.

Салтанат Қылышева,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале