29.10.2021, 17:22
Оқылды: 1

Әскери ант - Отанға серт

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында орналасқан Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатында ел Тәуелсіздігі мерекесінің 30 жылдығына орай жоғары сынып оқушылары және «Жас жауынгер» әскери-патриоттық клуб мүшелерінің қатысуымен «Антыңа адал бол, сарбаз» атты кездесу кеші өтті.

65

Шараға арнайы Орал қаласындағы ҚР ҰҚК № 2029 шекара  жасағына қарасты Дариян ауылы «Орал» шекара бекетінің аға офицері майор Б.Кожахметов, аға лейтенант А.Абдыкалык, барлаушы, қатардағы жауынгер С. Адабаев пен Ж.Мухамбеткажи келді.

Кеш шымылдығын ашқан мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Асулан Айдарханов, келген қонақтарды мектеп ұстаздары мен оқушыларына таныстырып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Кейін қатысушыларға, шара тақырыбы аясында әскери антты қабылдау рәсімі туралы бейнеролик ұсынылды.

Әскери антты не үшін, кім қабылдайтындығы? Оның әскери өмірде, мәтіннің маңыздылығы жайында сөз қозғалған кездесуде, «Орал» шекара бекеті бастығының орынбасары аға лейтенант А.Абдыкалык әскери өмірдің қиын да, қызықты оқиғаларға толы оқиғалармен бөлісіп, болашақ өмірін әскери салаға арнағысы келетін мектеп түлектеріне Алматы қаласындағы шекара әскери институтына оқуға қалай түсуге болатыны туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесу барысында  барлаушы қызметін атқарып жүрген қатардағы жауынгер С.Адабаев пен Ж. Мухамбеткажи де өз естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың әскери қызметкерлердің тыныс-тіршілігі жайлы қойған сұрақтарына жауап берді.

WhatsApp Image 2021-10-29 at 17.19.38

Шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Үмбетиярова келген қонақтарды және оқушылар мен ұстаздарды Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығымен құттықтап,  алтын уақыттарын бөліп келген қонақтарға алғыс білдірді.

Асулан Айдарханов,

"Абай атындағы мектеп-гимназия-интернат" мұғалімі,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале