14.05.2022, 22:17
Оқылды: 66

Ата Заңдағы өзгеріс – құқықтық мемлекет кепілі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциямызға түзетулер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынған болатын. Осыған орай елімізде 5 маусым күні республикалық референдум өткізілмекші. Ата Заңымызға өзгертулер енгізу арқылы саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау көзделіп отыр.

IMG-20220514-WA0060

Кеше референдумның негізгі мақсатын түсіндіру бағытында құрылған Қаратөбе ауданындағы штаб мүшелері Аққозы және Саралжын ауылдық округтерінде болып, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

IMG-20220514-WA0062

Алдымен Аққозы округінің орталығы Қоржын ауылының халқымен, мектеп мұғалімдерімен жүздескен штаб мүшелері референдум өткізудің маңыздылығын толыққанды түсіндіріп өтті.

IMG-20220514-WA0065

Кездесуде сөз сөйлеген аудандық штабтың мүшесі Халық Наурзалин Ата Заңдағы 98-баптың 33-бөліміне өзгерістер енетіндігін, кейбір баптардағы түзетулер қандай мәтінде болатындығын айта келе:

– Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз. Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік береді, - деді.

IMG-20220514-WA0063

Насихатшы топ құрамында жергілікті халықпен кездесуге барған штаб өкілдері Серікбай Хасанов пен Айгөлек Андирова да саяси реформа жүргізілсе Коституциялық сот құрылатындығын атап өтіп, жалпыхалықтық референдумда дауыс беруге үндеді.

Аудандық штаб өкілдері Аққозы тұрғындарымен жүздесуден соң еңбек ардагерлері Сағындық Құспановтың, Нағимолла Ақбастың шаңырақтарында болып, ел өміріндегі маңызды қадамды ауылдастарына насихаттап, дауыс беруге шақырды.

IMG-20220514-WA0064

Түс ауа Саралжын ауылдық округіне қарасты Сәуле негізгі орта мектебінің ұжымымен, одан соң округ орталығы Қарақамыс ауылындағы Б.Қаратаев атындағы орта мектеп ұжымымен және ауылдық мәдениет үйінде ауыл халқымен жүздескен насихатшы топ 5 маусымда өтетін саяси науқанға белсене атсалысуға шақырды.

Референдум өткізу турасында толық мағлұмат берген аудандық штаб өкілдеріне алғыс білдірген саралжындықтар жаңадан енгізілетін заңнамаға байланысты кейбір көкейде жүрген сауалдарын да жолдап, тұшымды жауап ала алды.

Сәуле ауылының ақсақалдары Мұхит Қазмұханов пен Жауғашты Өтеғалиевтың үйлеріне барған ақпараттық-насихат тобы қарияларды саяси науқанға белсене қатысуға үндеді.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале