14.03.2019, 17:52
Оқылды: 55

Аудан әкімі үлкендерге көрісті

Бөрлі ауданы әкімі Санжар Әлиев қазыналы қарттарды Көрісу мерекесімен құттықтап барды.

borli (1)

         Санжар Жұматайұлы мен мәслихат хатшысы Әділхан Құлекешов көрісуді Бөрлі ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттармен жүздесуден бастады.

         -Көрісу - адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Біздің ата-бабаларымыз салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты қатаң сақтаған, біз осы мәдениетті сақтауымыз керек. Бүгін осындай керемет күні арнайы келіп отырмыз. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, жақындарыңызға амандық тілейміз,-деді аудан әкімі.

         Басшылар одан әрі Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері Оразай Күмісқалиев, Сапар Нынкиев, Михаил Шапель, Михаил Костенко, Михаил Панченко, Валинтин Юн және көп балалы ана, ақын Дәмелі Құсайынқызы сынды ардақтыларға арнайы ілтипат көрсетумен жалғастырды. Көрісе барған барлық ардагерлерге  сыйлық табыс етті.

borli (3)

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале