6.05.2019, 10:50
Оқылды: 17

Бәйтеректе «Nur Otan» партиясының қоғамдық штабы құрылды

2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР Президенттігіне «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидатты қолдау мақсатында аталған партияның Бәйтерек аудандық филиалы жанынан штаб құрылды.

IMG_9888

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев мәлімдеді.

-Республикалық-қоғамдық штаб құрамына жалпы 187 адам кірді. Штаб жұмысын кандидаттың сенімді өкілі партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жетекшілік етеді. Осыған сәйкес барлық облыстық және аудандық филиалдарда қоғамдық штабтар құрылып, өз жұмыстарын бастамақ. Біздің ауданымыздағы қоғамдық штаб құрамына 29 адам енгізілді. Атап айтсақ, ардагерлер, кәсіпкерлер мен жастар және белсенді азаматтар енген штаб алдағы уақытта заңнамаға сәйкес өз жұмыстарын жүргізетін болады, - деді Тілекбай Қажымұратұлы.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

IMG_9899

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале