11.09.2019, 10:47
Оқылды: 55

Бәйтеректе Президент Жолдауы талқыланды

Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

1

Жиынды ауылдық округ әкімі Бекзат Бадақов ашып, Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталды.

-Еліміздің экономикасы, индустриясы мен жаңа технологиясы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму, кәсіпкерлік саласы дамудың даңғыл жолында көш бастап келеді.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіндегі екі негізгі мақсат-экономиканы дамыту мен әлеуметтік мәселерді шешу, білім беру сапасын жақсарту басты назарда.

Біздер жолдауда айтылған кезеңдерге сай жұмыстарды жоспарлы түрде жүзеге асырып, бірлесе жұмыс атқаруымыз керек,-деді Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Ғаппарұлы.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлдана Аргенова ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ел жастарына жасап жатырған қолдауына тоқталды.

2

-Мемлекет басшысы ел жастарының болашағын үнемі басты назарда ұстайды. Нақтылап айтар болсақ жолдауда айтылғандай дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық, шетелдік іргелі оқу орындарына оқуға қолдау көрсету, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету, ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жою Президент саясатының басым бағыттарының бірі.

Бізде осы жұмыстар аясында жұмыстанып, алдағы уақытта ауыл жастарын іріктеп, дарынды балаларды облыс, республика көлемінде танылуына мүмкіндік беріп, қай салада болса өңір жастарына қолдау көрсетеміз,-деді Гүлдана Мәлікқызы.

Сондай-ақ жиын барысында сөз алған аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жәнібек Айдынғалиұлы көше атауларындағы жөнсіздіктерді айтып өтті.

-Ауылдық округтегі көше атауларының көбісі идеологиялық тұрғыдан ескірген. Көше атауы жазылған тақтайшалардың орналасу реті де көңіл көншітпейді. Кейбір көше атаулары мен ауылдық округ құрамындағы елді мекендердің атауларын өзгерту жөнінде тұрғындармен кеңес өткізіліп, облыстық онамастикалық комиссияға ұсыныс тасталды.

Бұл мәселе алдағы уақытта облыс көлемінде қаралып, өз шешімін табатын болады. Көшелерге жаңа тақтайшалар орнатылып, әр үйдің нөмірі мен көше атауын рет-ретімен орналастыру бойынша ауылдық округ әкімдеріне айтылды,-деді Жәнібек Айдынғалиұлы.

Жиында ауыл тұрғындары да өз ойларын ортаға салды.

Шыңғыс Ромашев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале