4.09.2020, 14:50
Оқылды: 62

Бәйтеректегі мәдени-ағарту және тынығу орталығында салтанатты шара өтті

Бәйтерек аудандық кітапханасының жанынан ашылған мәдени-ағарту және тынығу орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – халық қазынасы» атты салтанатты шара өтті.

Tilder (1)

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ана тіліміздің мәртебесін жоғарылату, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында оздырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов, аудан тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.

Tilder (2)

– 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұл – көпұлтты қазақ елі үшін айтулы күндердің бірі. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын. Тіл – деген ұлттың жаны, рухының үні, ең қымбат дүниесінің құнды қоймасы. Сондықтан да ана тілімізді ерекше қадірлеп, қастерлеуіміз керек, – деді шарада сөз алған Ерікқали Ғұмарұлы.

Tilder (4)

Одан соң сөз алған аудан жастары мен тіл жанашырлары ел халқы тілдерінің күні қазақ жерін мекендеген барша этностардың бірлігін сақтау, мемлекеттік тілімізді дамыту және мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді құрметтеуге тәрбиелейтін бірден-бір мереке екенін айтып, ана тіліміздің дамуына өз үлестерін қосатынын жеткізді.

Tilder (6)

Кейін аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пандемия кезінде тұрғындарға тегін маскалар таратып, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсеткен бірқатар белсенді жасты облыс әкімі Ғали Есқалиевтің және облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің алғысхаттарымен марапаттаса, ана тіліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген тіл жанашыры, аудандық «Достық» үйінің директоры Бибігүл Ахметжановаға Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Ғаниеваның алғысхатын, Раздольный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ирина Кондрашоваға аудан әкімі Марат Тоқжановтың алғысхатын табыстады. Сондай-ақ Алина Кубашева, Залина Алиева сынды белсенді жастар БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораштың алғысхатымен марапаттады.

Tilder (7)

Салтанатты жиын соңында көпшілік орталық кітапханасы ұсынған «Тіл мерейі – ел мерейі» атты кітап көрмесін тамашалады.

Tilder (8)

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале