4.02.2023, 17:10
Оқылды: 39

«Балакиревтің» бағыты дұрыс

Теректі ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы Юбилейный ауылындағы «Балакирев В.А» шаруа қожалығында болды. Негізі 2011 жылы құрылған қожалықтың бағыты өсімдік шаруашылығы болып табылады. Алайда батысқазақстандықтар бұл шаруашылықты картоп өндірісі арқылы жақсы таниды.

3 (1)

Қожалықтың Юбилейный ауылында сыйымдылығы 2935 тоннаны құрайтын қоймасы бар. 2014 жылы салынған қойманың құрылысына 134 млн теңге қаражат жұмсалған. Бүгінгі таңда қожалықта 14 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылып отыр. 2022 жылдың өніміне арналып 80 га күздік бидай егіп, 46 ц/га өнімділігімен 368 тонна, 130 га жаздық бидай егіп, 30 ц/га өнімділігімен 390 тонна өнім жинап алынған.

2 (1)

140 га жерге картоп егіп, 140 ц/га орташа өнімділікпен 1960 тонна картоп өндірген. Қазіргі таңда сақтауға 400 тонна тұқым, сатуға 250 тонна өнім бар. Бір келі картоптың бағасы 125 теңгені құрайды. Бұл жөнінде қойма меңгерушісі Сағынғали Әлиев мәлімдеді.

1 (2)

Облыс әкімі Н.Төреғалиев жалпы қожалықтың жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар картоп өндірісін жолға қою жұмыстарын жалғастыра беру керектігін айтты.

- Қазір нарықта картоптың бағасы едәуір өскен. Қаладағы базарларда баға 200 теңге көлемінде. Ал «Балакирев В.А» қоймасында бір келі картоп 75 теңгеге арзан. Осы жайтты мұқият қадағалау керек. Егер осы жерден кәсіпкер картоп алып, оған осыншалықты үстемеақы қосатын болса, бұл әрекет жөнсіз. Халық тұтынатын тауарларды негізсіз қымбаттатуды қою керек, -деді өз сөзінде Нариман Төреғалиұлы.

 

Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале